Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:21

Илон Маск Трамп пен Эпштейн ісіне қатысты жазбасын өшірді

Трамп пен Маск
Трамп пен Маск. Фото: AFP/Getty Images

Илон Маск X желісінде Дональд Трамптың Джеффри Эпштейн ісімен байланысты екенін айтқан жазбасын жариялап, кейін оны өшірді.

Жазбада былай делінген: «Шын бомба тастаудың уақыты келді: Дональд Трамп Эпштейн ісінде аталады. Сондықтан бұл деректер жарияланбады. Қайырлы күн, Трамп!» Қазір бұл хабарлама қолжетімсіз.

Tesla мен SpaceX компанияларының басшысы жазбаны неге өшіргені туралы әлі түсініктеме берген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Маск пен Трамп арасындағы келіспеушілік Масктың салық туралы заң жобасын сынға алуынан басталған. Ол бұл заң АҚШ-тың мемлекеттік қарызының өсуіне және банкроттыққа әкеледі деп есептейді.

Оған жауап ретінде президент Маскты «ақылынан адасқан» деп атап, SpaceX-ке арналған мемлекеттік келісімшарттарды тоқтатумен қорқытқан.

Содан бері Маск президентке импичмент жариялауды ұсынған және оның беделіне нұқсан келтіруге тырысқан. Оның айтуынша, Трамптың аты Эпштейн ісіндегі құжаттарда кездеседі. Эпштейн миллионерін кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу және оларды проституцияға тарту ісінде айыптаған.

Мамыр айының соңында Илон Маск Трамптың кеңесшісі және DOGE жобасының жетекшісі қызметінен кеткен болатын.