Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады

11.05.2020, 18:13

51

Илья Ильин Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенініңдиректоры болып тағайындалды

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады.

Спортшы бүгін Қызылорда қаласындағы«Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыратлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлемнің төрт дүркін чемпионы атағына иеболды. Екі Олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

«Бұл шешімді қабылдау маған оңайға соққан жоқ. Мен Токио Олимпиадасынақатысуды алдыма мақсат еткен едім. Дегенмен аталған додада белгілі себептергебайланысты кейінге шегерілді. Сондықтан мен спортшы ретінде карьерамды аяқтап,енді аталған салада қызмет атқаруды дұрыс деп санадым. Осылайша, спортсаласында менеджмент мәселесін жан-жақты меңгерсем деймін. Келешекте бапкерлікқызметке келуім де мүмкін. Оны уақыт көрсете жатар. Қазіргі ең басты міндетім — жаңа қызметте өзімнің қабілетімді жан-жақты көрсете білу», — деді ИльяИльин.

Илья Ильинді қызметке тағайындау барысында облыс әкімінің орынбасары СерікАхмет облыс жұртшылығы атынан жылы лебіз білдірді.

Сыр өңірі жұртшылығы үшін таланттыспортшы қай кезде де беделі биік саңлақ ретінде бағаланады.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 11:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
26.04.2020, 14:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 14:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 13:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 16:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға
20.04.2020, 13:53
Тұрлыханов Шығыс Қазақстан облысына 80 тонна азық-түлік жөнелтті (видео)

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38