Имангали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысының қызметінен ресми түрде кетті
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы қызметін қырғызстандық Таалатбек Масадыков атқарады.
Естеріңізге сала кетейік, Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы қызметін атқарған еді. Ол осы лауазымға келгенде алдыңғы бас хатшы Станислав Засиді алмастырған.
Иманғали Тасмағамбетов мемлекеттік қызметте түрлі жоғары лауазымдарда жұмыс істеген. Ол бұған дейін – Қазақстан премьер-министрі, Астана және Алматы қалаларының әкімі, Қорғаныс министрі, Ресейдегі Қазақстанның елшісі қызметтерін атқарды.
ҰҚШҰ ресми сайтында жарияланған жаңалықта Таалатбек Масадыков жаңа лауазымға келуімен баршаға Жаңа жыл құттықтауын жолдаған. Осылайша, Имангали Тасмағамбетов Бас хатшылықтан ресми түрде кетті.