Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:05, 05 Наурыз 2023

Импортқа беттеу отандық өнімнен шеттеу емес...

None
None

Алматыда отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы конгресі өтті, оған қатысушылар саланың проблемаларын, оның ішінде мемлекеттік органдармен және экономиканың квазимемлекеттік секторымен өзара іс-қимылдың әртүрлі векторларын тағы бір рет талқылады, ресми билік отандық өндірушілерді қолдаудың орнына қиындық туғызып отырғанын ашып айтты.

Жиһаз және ағаш өңдеу кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев  сала үшін  №1 проблема – импортқа тәуелділік екенін айтады… Эконо­ми­каның ең әлсіз сегментін демеп жіберу үшін  ұлттық компаниялар отандық  ғана емес, министірліктерге қарасты құрылымдар да  өндірісті қолдауы керек. Елімізде  жеңіл өнеркәсіп өнімдерін үлкен көлемде сатып ала алатын алпауыт компаниялар жетеді. Бірақ олардың басым көпшілігінің бүйрегі  импортқа бұрып тұрады.

2022 жылдың бірінші тоқсанында ғана Қазақстан Республикасына 63,5 миллион АҚШ долларынан астам сомаға құрылыс тақталары импортталған.

Осы жиынға қатысқан Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Наталья Ақшабаева  саладағы жағдайға қатысты 2020 жылы жүргізілген зерттеу нәтижелерімен бөлісті,  ұлттық жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы қажет екенін де атап Баяндамашы айтып өткендей, біздің елде шикізат дамымаған. Бұл сегментте де импортқа иек арту басымдау.     Бірақ соған қарамастан   алга жылжу бар. Семейлік тігіншілер иірілген жіпті Беларусь мемлекетінен сатып алады, ал Беларусь Қазақстанның оңтүстігінен жүн сатып алып, одан иірілген жіп өндіреді.  

Жиынды ұйымдастырған «QAZTEXTILEINDUSTRY СРО»  (өзін-өзі реттейтін ұйым) мен Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастық өкілдері  тоқыма, тігін өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіптің басқа да шағын

 «Qazaqstanda Jasalgan»  Экономикалық ұлтшылдық қозғалысының жетекшісі Айбек Барысовтың айтуынша,   отандық өндірушілерге айтарлықтай көңіл бөлінбейді. Кез-келген саладағы  өнім өндірушілердің тауқыметтері бірдей. «Барлық қиындықтар бізді қолдауға тиіс тараптан – барлық деңгейдегі билік өкілдерінен туындап отыр. Тәуелсіздік жылдарында бірде-бір министр өзі қабылдаған шешімдер үшін, ойран болған адамдардың өмірі үшін, күйреген өндірістер мен экономиканың салалары үшін  жауапкершілік алған жоқ. «Кезінде қирап қалған Абай фабрикасы бүгін тамаша тоқыма бұйымдарын шығаруда. Меніңше, 30 жыл сұрыптаудан өткен кәсіпорындар өздерінің өміршеңдігі мен өнімінің сапасын дәлелдеп шықты», – деді ол.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан үшін киім-кешек сатып алу  «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» Заңы аясында жүзеге асырылуда.  Бірақ  мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау тәжірибесі белгіленген нормалардың жетілдірілмегендіктен отандық бизнесті шектейтін кедергілер байқалып қалыпты.  А. Барысов айтып өткендей, 2020 жылы Қорғаныс министрлігінің  қажеттіліктері үшін киім-кешек заттарын жеткізу 28 кәсіпорынмен 9 760 167 210 теңгеге шарт жасалған. Бірақ солардың ішінде  6 компания осы сегменттің  киім-кешек нарығын монополиялап алғаны белгілі болды. Қысқасы таңдаулы алтылық  келісім-шарттардың жалпы сомасының 53 пайызы немесе 5,1 млрд теңгесі (9,7 млрд теңге) жасалды.  21 кәсіпорын 47 пайызы немесе 4 613 654 970 теңге алады.  Сарапшы айтып өткендей,  мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы заңнаманың қолданыстағы нормаларында бәсекелестікті шектейтін және мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушыларды таңдауға адал отандық тауар өндірушілердің қатысуына кедергі келтіретін шектеулер мен кедергілер бар.

Қысқасы бұл бағыттағы жетістіктер осал емес,  барлық конструклық –зияткерлік меншік құқы да өзімізге тиесілі. Тіпті әуе кеңістігін қорғайтын жүйелермен өз-өзімізді қамтамасыз етуге де мүмкіндік бар. Бірақ соған қарамастан сала «жоғарыдағылардың ілтипатына» ие бола алмай отыр. «Біздің саланың дамуы мемлекет үшін №1 стратегиялық бағыт болу керек. «Осы уақытқа дейін үндемей келдік. Әскери қорғаныс саласы отандық –ұлттық экономикамен интеграциялану керек.  Бұл саладағы әскери формадан бастап – аяқ киімдеріне өз елімізде дайындалғаны маңызды. Бұл ШОБ-тың жаңа тынысын ашады. Енді айтуға тура келіп отын стратегиялық салада өз елімізде барынша көп өнім шығару өте маңызды. Өз қажеттіліктерімізді емес, жан-жағымыздың да қажеттігін өз күшімізбен өндіруге мүмкіндік бар, Тек барлық салада әділ бәсеке керек. Бизнес сондай ортада ғана алға жылжиды»,  дейді Айбек Барысов. 

Съезде ұйымдардың 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласы кәсіпорындары қауымдастығы мен Қазақстанның Жеке қорғаныс құралдарын өндірушілерінің одағы, Qazaqstanda Jasalgan Экономикалық ұлтшылдық қозғалысымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Тегтер: