Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:54

Индия мен Қытай Ресей мұнайынан бас тартса, не болады?

Мұнай Ресей
Фото: ЖИ

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мұнайын сатып алатын елдерге қарсы қысымды күшейтті. Ол Үндістан мен Қытайға ресейлік мұнай тасымалдаушылардан бас тарту туралы талап қойып, орындалмаған жағдайда екінші деңгейлі санкциялар енгізетінін мәлімдеді.

Қытай мен Үндістан бұл талапты түрде қабылдамай, энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық егемендігін қорғауға ниетті екенін айтты. Пекин мұны АҚШ-тың «қысым мен мәжбүрлеу» саясаты деп атады.

Ресей мұнайына тәуелділік

2021–2024 жылдары Үндістан Ресейден мұнай импортын 0,1 млн баррельден 1,9 млн баррельге дейін арттырды. Қытай да тасымалды 50%-ға көбейтіп, күніне 2,4 млн баррельге жеткізді. Мәскеу соғыс басталғаннан кейін мұнайды елеулі жеңілдікпен сатқандықтан, Үндістан 33 млрд доллар үнемдеген.

Үндістан бұл саясатты энергетикалық қауіпсіздіктің басты құралы деп санайды. Ал Қытай 2022 жылдан бері Ресейдің ең ірі мұнай сатып алушысы болып келеді.

Жаңа санкциялар және олардың ықпалы

6 тамызда Трамп Үндістаннан келетін бірқатар тауарларға 25% қосымша кедендік баж енгізетінін жариялады. Бұл шешім Үндістанның мұнай шығындарын шамамен 11 млрд долларға арттыруы мүмкін. Сонымен қатар, екінші деңгейлі санкциялар жарияланса, Үндістанның банктері мен мұнай өңдеу зауыттары АҚШ қаржы жүйесіне қолжетімділігінен айырылуы ықтимал.

Сарапшылардың айтуынша, егер Ресейдің тәулігіне өндіріп отырған 5 млн баррелі әлемдік нарықтан бірден жоғалса, баға күрт көтеріледі. ОПЕК елдерінің қосымша өндіріс қуаты шектеулі болғандықтан, қысқа мерзімде бұл тапшылықты толтыру қиын.

Мұнай бағасы және инфляция қаупі

АҚШ Федералдық резервінің дерегінше, мұнай бағасының әр 10 долларлық өсуі АҚШ-тағы инфляцияны 0,2 пайыздық тармаққа арттырады. Егер қазіргі 66 долларлық баға 110–120 долларға жетсе, бұл инфляцияны шамамен 1 пайызға көтеріп, энергия, көлік және азық-түлік бағасының қымбаттауына әкеледі.

Қытай мен Үндістанның ұстанымы

Сарапшылар Қытайдың АҚШ-пен сауда көлемі төрт есе артық болғандықтан, Пекин Трамп санкцияларынан ішінара қорғалуы мүмкін деп есептейді. Сонымен қатар, Қытайдың сирек жер металдары нарығындағы бақылауы оған қосымша саяси артықшылық береді.

Үндістан үшін жағдай қиынырақ. Ресейлік мұнайдағы жеңілдіктер азайып, барреліне шамамен 5 долларға дейін түсті. Соған қарамастан, үнді мұнай өңдеу зауыттары ресейлік шикізатты белсенді сатып алуда. Маусым айында импорт тәулігіне 2,08 млн баррельге жетіп, соңғы 11 айдағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Сарапшылардың болжамынша, Үндістан қысымға байланысты сатып алуды біртіндеп қысқартуы мүмкін, бірақ ресейлік мұнайдан толық бас тартуы екіталай.