Интернаттық ұйымдарды ескертусіз бақылау қашан енгізіледі? Сүлейменова жауап берді
Депутат Дәулет Мұқаев мәжіліс отырысында стационарлық типтегі интернаттық ұйымдарға қандай ұйымдардың жататынын, сондай-ақ меншік түрінің барлық нысандағы білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексеру жүргізу бойынша сұрақ қойды.
Балалардың сауықтыру лагерлерімен байланысы 2023 жылғы резонанстық оқиғаларды ескере отырып, мемлекеттік бюджеттен емдеуге, білім беруге, сауықтыруға мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын обьектілерде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Сүлейменова нақты қандай ұйымдар стационарлық типтегі интернаттық ұйымдарға жататынын нақтылады. Оның сөзінше, аталған ұйымдарда туғанынан мүгедек болып туылған, төсекке танылған, өздігінен көмекті айтып жеткізе алмайтын кемтар балалар емделеді.
Негізінен стационарлық мекемелерде тексеріс былай жүргізілетін. 1 ай бұрын хабарлама береді, оны жоспарға құрады. Сосын 1 айдан кейін тексеруге барады. Мұндай жағдайда барлығының дұрыс екенін байқап, кепшіліктерді таппайды. Алайда, бала өліміне қатысты резонанстық оқиғалар жиі болады. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін біз арнайы хабарламасыз, ескертусіз жалпы барып мемлекеттік бақылауды енгізуді ұсынып отырмыз.