Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:50, 31 Шілде 2024

Интернет алаяқтық арқылы 19 млн теңге жымқырған ресейлік шекарада ұсталды

а
Фото: gov.kz

Қазақстандықтарды интернет алаяқтық арқылы 19 млн теңгеге алдап кеткен ресейлік шекарада ұсталды.

2024 жылғы 18 шілдеде Тараз қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 3 сенімді азаматтарын интернет байланысы арқылы алдаған Ресей Федерациясының "Р" есімді азаматын ұстады, делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған азамат биыл сәуір-мамыр айлары аралығында өз сыбайластарымен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып, "Екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері" және "құқық қорғау органдарының қызметкерлері" ретінде таныстырып, алаяқтар азаматтардың атынан несие алмақшы болғанын айтқан.

Осы схеманы пайдалана отырып, алаяқтар «WhatsApp» әлеуметтік желісінің бейнебайланысы арқылы алаяқтық жолмен несие ресімдеп, жәбірленушілердің 19 миллион теңгесін иемденген.

Аталған факті бойынша 25.04.2024 жылы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі сотқа дейінгі тереп-тексеру басталған.

Күдікті Мемлекеттік шекара бекетінен Қырғыз Республикасына қарай өту кезінде ұсталды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер: