iPhone 15 Pro сатып алу үшін қанша күн жұмыс істеу керек?

Picodi басылымының сарапшылары iPhone 15 Pro смартфонын әр елдегі орташа жалақымен салыстырды. Нәтижесінде әр елдердің тұрғындары жаңа смартфон үшін қанша күн жұмыс істеу керегін анықтады.
iPhone 15 Pro бағасы 999 доллардан басталады.
Зерттеуге сәйкес, түріктер жаңа Apple смартфонын сатып алу үшін 124 күн жұмыс істеуі керек. Оған филиппиндіктер 80 күндік жалақысын, ал бразилиялықтар 67 күндік жалақысын жұмсайды. Ресейде бұл көрсеткіш шамамен 47 күнді құрайды. Қытайлықтар 24 күнде ала алады.
Дамыған елдерде бұл көрсеткіш одан да аз: жаңа iPhone 15 Pro сатып алуға жапондар 13 күн, немістер 10 күн, сингапурлықтар мен аустралиялықтар 7 күн жұмсайды.

АҚШ тұрғындары жаңа Apple смартфонын сатып алу үшін 6 күн жұмыс істесе, Швейцария тұрғындарына 5 күн ғана қажет.