Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:26

Иракта америкалық журналисті ұрлап кетті

Шелли Киттлсон
Фото: X

Америкалық журналист Шелли Киттлсон Бағдад қаласының орталығында белгісіз қарулы адамдар тарапынан ұрланған.

Ирак билігінің мәліметінше, оқиға сейсенбі күні кешке болған.

Ирак Ішкі істер министрлігі бұл шетелдік журналисттің астананың орталық бөлігінде ұрланғанын растады. Қазіргі таңда күштік құрылымдар ұрлаушылардың орнын анықтап, кепілге алынған журналисті босату бойынша операция жүргізіп жатыр.

Al-Monitor басылымы ұрланған адамның өздерінің штаттан тыс тілшісі Шелли Киттлсон екенін растады және оны дереу босатуға шақырды.

«Біз бұл ұрлауға қатты алаңдаушылық білдіреміз және оны қауіпсіз әрі жедел босатуды талап етеміз», - делінген редакция мәлімдемесінде.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл жағдайдан хабардар екенін және оқиғаны бақылап отырғанын мәлімдеді.

Министрлік өкілінің айтуынша, журналист бұған дейін қауіптер туралы ескертілген. Мәліметтерге сәйкес, оны Иран қолдайтын Катаиб Хизбалла ұйымымен байланысты адам ұрлаған болуы мүмкін.

Ирак билігі ұрлауға қатысы бар күдіктіні ұстаған. АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл іс бойынша "ФБР" және Ирак билігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Журналистерді қорғау комитеті де бұл оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, Ирак билігін журналисттің қайда екенін анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды.

Al-Monitor дерегінше, Шелли Киттлсон Таяу Шығыс пен Ауғанстан тақырыптарына маманданған, оның материалдары бірқатар халықаралық басылымдарда жарияланған.