Бүгін, 13:15
Иракта ұрланған америкалық журналист Шелли Киттлсон босатылды
Иракта «Катаиб Хизбулла» тобы ұрлап кеткен америкалық журналист Шелли Киттлсон босатылды.
Бұл туралы The New York Times басылымы топ өкілдері мен Ирак қауіпсіздік қызметіндегі екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Басылым мәліметінше, Киттлсон «Катаиб Хизбулла» ұйымының бірнеше мүшесін босату есесіне еркіндікке шыққан. Алайда нақты қанша адамның босатылғаны айтылмаған.
«Катаиб Хизбулла» журналиске Ирактан дереу кетуі керегін ескерткен. Қазіргі уақытта Киттлсонның нақты қайда екені белгісіз.
Америкалық тәуелсіз журналист Шелли Киттлсон 31 наурыз күні Ирак астанасында азаматтық киімдегі белгісіз адамдар тарапынан ұрланған. Ол Таяу Шығыстағы бірқатар соғыстарды жариялап, шетелдік басылымдар үшін материалдар дайындап келген.