Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:25

Иран АҚШ-тың Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі әскери нысандарына соққы берді — БАҚ

Г
Фото: ашық дереккөз

Иран Кувейт, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады.

 Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) таратқанын шетелдік БАҚ жазды.

ИРСК әліметінше, АҚШ пен Израильдің шабуылдарына жауап ретінде басталған «Шынайы уәде – 4» операциясының 95-кезеңі аясында Израиль мен АҚШ нысандарына жаңа соққылар жасалған.

Хабарламада соққыға ұшыраған нысандар ретінде:

Кувейттегі Бубиян аралында орналасқан АҚШ армиясының HIMARS артиллериялық жүйелері,

Бахрейннің солтүстігінде орналастырылған Patriot әуе қорғаныс жүйелері,

БАӘ-дегі Сил-Банех ауданында АҚШ әскери командирлері мен нұсқаушылары жиналған орын аталады.

 

Сондай-ақ ИРСК ракеталық шабуылдар барысында:

БАӘ-дегі америкалық Oracle технологиялық компаниясының орталығы,

Израильмен байланысты кеме,

Бахрейндегі Халифа бин Салман порты нысанаға алынғанын мәлімдеді.

Израильдің Бней-Брак, Петах-Тиква, Тель-Авив, Рамат-Ган және Кирьят-Шимона қалаларындағы нысандар да көпзарядты ракеталармен үздіксіз атқыланған.

ИРСК шабуылдар жалғасып жатқанын хабарлады.

Ал IRNA агенттігі Telegram-арнасында өңірдегі америкалық нысандарға дрондар арқылы жасалған шабуылдардың видеоларын жариялаған.

Бұған дейін Израиль армиясы Иранның Махшехр қаласындағы мұнай-химия кешеніне соққы жасағаны хабарланған. Израиль тарапының мәліметінше, бұл зауыттардың бірінде Иран баллистикалық зымырандарға арналған жарылғыш заттар өндірген.