Иран армиясы жауынгерлік дайындыққа көшті — Reuters

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи АҚШ президенті Дональд Трамптың шабуыл туралы мәлімдемесінен кейін елдің қарулы күштерін жоғары дайындық режиміне қойды, деп хабарлайды Reuters.
Әли Хаменеидің мұндай бұйрықты қашан бергені белгісіз.
Агенттік дереккөзінің хабарлауынша, Иран Ирак, Кувейт, БАӘ, Катар, Түркия және Бахрейнге олардың АҚШ-тың Иранға шабуылын қолдауы, соның ішінде америкалық әскери қызметкерлердің осы елдердің территориясын (соның ішінде әуе кеңістігін) пайдалануы «дұшпандық әрекет» ретінде қарастырылатыны туралы хабарлама жолдады. Иран жағы мұның олар үшін «ауыр зардаптары» болады деп отыр.
Наурызда АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеиге хат жолдап, екі айдың ішінде жаңа ядролық келісім жасау шартын қойғаны хабарланған болатын.
«Егер Иран келіссөз жүргізбесе салдары болады. Иранның ядролық қаруы болмауы керек. Басқа да нұсқалар бар" деді америкалық лидер.
Кейінірек Иран президенті Масуд Пизишиан АҚШ-пен ядролық бағдарламасы бойынша тікелей келіссөздерден бас тартты, бірақ жанама байланыстар мүмкін екенін айтты. 30 наурызда Трамп NBC News арнасына берген сұхбатында Вашингтон мен Тегеранның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімге келе алмағанын айтты. Келісім Иранның ядролық бағдарламасына шектеу қоюды көздейді.