Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:15

Иран барлау қызметінің басшысы қаза тапты

Маджид Хатами
Фото: Getty Images

 

Ислам революциясы күзетшілер корпусы (ИРСК) барлау қызметінің басшысы, генерал Маджид Хатами  Израиль соққысының салдарынан қаза тапты. Бұл туралы Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац хабарлады.

«Иран басшылары өздерін нысана ретінде сезініп өмір сүруде. Біз оларды бір-бірлеп көзін жоюды жалғастырамыз», - деді ол.

Ислам революциясы күзетшілер корпусы Хатамидің қазасын растады. Мәлімдемеде оның 6 сәуір күні таңертең жасалған «террорлық шабуылдың» құрбаны болғаны айтылған.

Хатами 2025 жылдың маусымында корпус барлауының алдыңғы басшысы Мохаммад Каземи Израиль соққысынан қаза тапқаннан кейін оның орнына келген болатын.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы соғыс бастағалы бері Ислам Республикасының ең жоғары лауазымды тұлғалары, соның ішінде Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи мен Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Әли Лариджани де қаза тапты.