Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:53

Иран дроны алғаш рет Әзербайжан аумағында жарылды

Иран дроны
Фото: скриншот

Әзербайжанның Нахчыван қаласындағы әуежай аумағына Иран ұдроны құлап, жарылғаны туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Оқиға салдарынан дрон құлаған жерде өрт шыққан. Қазіргі уақытта төтенше қызметтер өртті сөндіру және келген шығын көлемін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әзербайжанның ресми ведомстволары әзірге қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы ақпарат бермеді. Сондай-ақ дронның нақты түрі мен оның ұшу мақсаты да анықталып жатыр.

Бұл оқиға өңірдегі геосаяси жағдайдың күрт шиеленісіп тұрған кезеңінде орын алды. Сарапшылардың айтуынша, бұл – Таяу Шығыстағы соңғы әскери шиеленістер басталғалы бері Иран дронының Әзербайжан аумағына алғаш рет тікелей құлауы.

Бұған дейін Иран тарапынан өңірдегі бірнеше ел бағытына, соның ішінде БАӘ, Катар және Кувейтке қарай дрон жіберілгені хабарланған еді.