Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:51

Иран Иорданиядағы Бундесвер далалық лагеріне қайтадан шабуыл жасады

1
Фото: Weyland/Bundeswehr/dpa/picture alliance

Иран Иорданияның шығысындағы Бундесвердің (Германия қарулы күштері) далалық лагеріне тағы да зымыранмен шабуыл жасады.

 Бұл туралы Der Spiegel журналы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, 9 наурызға қараған түні Иран бірнеше баллистикалық зымыранды АҚШ-тың Асрак авиабазасына бағыттап ұшырған. Осы базада Германия әскерінің шағын далалық лагері орналасқан.

Шабуыл кезінде ешкім зардап шекпеген.

Der Spiegel дерегінше, зымырандардың бірі неміс сарбаздары орналасқан казарма ғимаратына бағытталған. Алайда шабуыл сәтінде барлық әскери қызметкерлер паналау орындарында болған.

Қазіргі уақытта зымырандар базаның өзіне дәл тигені ме, әлде әуе қорғанысы ұстап қалған зымырандардың сынықтары құлаған ба — бұл нақты анықталмаған.

Бундесвердің жедел қолбасшылығының өкілі AFP агенттігіне берген мәлімдемесінде оқиға бойынша ішкі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты, бірақ шабуыл фактісін ресми түрде растаудан бас тартты.

Асрак авиабазасындағы далалық лагерьде соңғы уақытта шамамен 100 неміс әскері орналасқан. Осы жерден Германияның әскери-әуе күштері халықаралық терроризмге қарсы коалицияны жанармай құятын әскери ұшақтармен қолдап келеді.

Айта кетейік, 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясынан бері бұл авиабаза бірнеше рет шабуылға ұшыраған.

Тегтер: