10:10, 24 Тамыз 2025
Иран Израильдің жаңа шабуылдарына дайын екенін мәлімдеді
Иран әскері Израильден жаңа соққы болған жағдайда қарсы жауап беруге әзір. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Мұхаммад Пакпур мәлімдеді.
Агенттіктің дерегінше, генерал Пакпур Иран қарулы күштері «жаңа шабуылдарға Израильге бұдан да күйреткіш соққы беруге толық дайын» екенін айтқан.
13 маусым күні Израиль Иранның ядролық бағдарламасын жою үшін осы ел аумағына әуе шабуылын жасады. Бұған жауап ретінде Иран да Израиль нысандарына соққы берді.
22 маусымда АҚШ та араласып, Иранның үш ядролық нысанына зымыран соққысын бағыттады.
Кейінірек тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келген еді.