Иран Катар мен Бахрейндегі АҚШ базаларын зымыранмен атқылады
Парсы шығанағындағы әскери шиеленіс жаңа елдерді қамтып жатыр.
Катардың әуе қорғаныс жүйелері Иран тарапынан ұшырылған баллистикалық зымыранды Patriot жүйесі арқылы әуеде жойғаны хабарланды.
Оқиғадан кейін Катар билігі азаматтық авиация үшін әуе кеңістігін толық жапты.
Сонымен қатар, АҚШ-тың әскери нысандарына жаппай шабуыл жасалған. Атап айтқанда, Катардағы Әл-Удейд әуе базасы мен Бахрейндегі АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Бесінші флотының штабы нысанаға алынған.
Бахрейн астанасы Манамада дабыл сиреналары қосылып, тұрғындар бірнеше қуатты жарылыстың болғанын хабарлауда.
Бахрейн Ішкі істер министрлігі «тікелей қауіпке байланысты» ескерту жүйелері іске қосылғанын растады және халықты паналау орындарында қалуға шақырды.
Өз кезегінде Пентагон аймақтағы барлық бөлімшелерді ең жоғары жауынгерлік дайындық режиміне көшірді. АҚШ әскери-теңіз күштері ықтимал соққыдан сақтау үшін Бахрейн порттарынан бірқатар кемелерді шұғыл түрде шығаруды бастағаны хабарланды.
Әскери әрекеттер салдарынан Парсы шығанағы үстіндегі әуе дәліздері іс жүзінде тоқтап тұр.