Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:21

Иран мен АҚШ 26 ақпанда Женевада келіссөз өткізеді

Иран АҚШ
Фото: ашық дереккөз

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі 26 ақпан, бейсенбі күні Женевада өтеді.

 

 Бұл туралы Оманның сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди хабарлады.

"АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер осы бейсенбі күні Женевада өтеді. Тараптар келісімді аяқтау үшін қосымша күш салуға оң көзқараспен кірісіп отыр, - деп жазды Оман СІМ басшысы Бадр әл-Бусаиди X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, 6 ақпанда Оманда Иран мен АҚШ арасындағы алғашқы жанама келіссөздер раунды Оман СІМ басшысы Бадр әл-Бусаидидің делдалдығымен өткен болатын. Тараптар диалогты жалғастыруға келісып, кеңес алу үшін тарқасқан.

17 ақпанда келіссөздер қайта жанданды — бұл жолы Женевада, Оманның БҰҰ жанындағы елшісі резиденциясында өтті. Екінші раундтың қорытындысы бойынша Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи тараптар алдағы келіссөздердің негізіне айналатын базалық қағидаттарды келіскенін мәлімдеді.

Тегтер: