Бүгін, 14:30
Иран мен Израильден қанша қазақстандық шыға алмай отыр?
Қазіргі уақытта жарақат алған қазақстандықтар жоқ.
Иран аумағындағы Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді,
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жарақат алған қазақстандықтар жоқ. Ең алдымен дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан азаматтары елге қайтарылған.
Бүгінде жарақат алған азаматтарымыз жоқ. Біз бірінші кезекте азаматтарымызды, дипломаттарымызды және олардың отбасы мүшелерін елге қайтардық. Қазіргі таңда Иранда 70-ке жуық Қазақстан азаматы қалып отыр. Олардың елге қайтуы орналасқан жеріне байланысты ұйымдастырылады, – дейді вице-министр.