Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:56

Иран миллионнан астам адамды мобилизациялады: Тегеран АҚШ-пен соғысқа дайындалып жатыр

Иран
Фото: ашық дереккөз

Иран билігі аймақтағы шиеленістің ушығуы мен ықтимал қарулы қақтығыстарға дайындық аясында ауқымды мобилизация бастады.

 Тегеран ұзаққа созылатын жаяу әскер соғысына дайын екенін паш етуде.

Tasnim агенттігінің әскери дереккөздерге сілтеме жасап таратқан мәліметі бойынша, АҚШ-пен ықтимал жерүсті текетіресіне дайындық ретінде бір миллионнан астам жауынгер жұмылдырылған. Бұл қадам Вашингтонның Иранның оңтүстік өңірлерінде арнайы операция жүргізуі мүмкін деген болжамдарға жауап ретінде жасалып отыр.

Қазіргі уақытта мына құрылымдардың қатары айтарлықтай толығуда:

 -Иран Ислам Республикасының әскері;

 -  Ислам революциясының сақшылар корпусы (ИРСК);

 - «Басидж» еріктілер жасағы.

Мақалада атап өтілгендей, ел ішінде әскери белсенділік жоғары. Тек кәсіби әскерилер ғана емес, сонымен қатар жастар да күштік құрылымдарға қосылу үшін жаппай өтініш білдіруде. Бұл құбылыс сыртқы қысым мен қауіп-қатерге қарсы ұлттық бірігудің белгісі ретінде сипатталуда.

Алайда, әзірге Иранның ресми билігі жұмылдырылған адам санына қатысты нақты сандарды растаған жоқ.

Бұған дейін Axios басылымы АҚШ-тың Иранға қарсы «шешуші соққы» беру нұсқаларын қарастырып жатқанын хабарлаған болатын. Осыған байланысты Тегеран стратегиялық маңызы бар нысандарды, соның ішінде Харг аралын қорғауды күшейтіп, қорғаныс шебін бекемдеуге көшкен.

Тегтер: