Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:41

Иран Ормуз бұғазын жапты – БАҚ

ормуз
Фото: Nurphoto / Getty Images

Иран бұл тапсырманың берілгенін ресми түрде растаған жоқ. Тегеран ұзақ жылдар бойы елге қарсы жасалған кез келген шабуылға жауап ретінде Ормуз бұғазын жабатынын айтып, қоқан-лоқы жасап келеді.

Ислам революциясы сақшылары корпусының әскери-теңіз күштері радио арқылы кемелерге Ормуз бұғазынан өтуге тыйым салынғанын хабарлап жатыр, деп жазады Reuters Еуроодақтың Aspides әскери-теңіз миссиясы өкіліне сілтеме жасап.

Өкілдің айтуынша, Иран мұндай бұйрықтың берілгенін ресми түрде растаған жоқ. Тегеран бірнеше жылдан бері өзіне қарсы кез келген шабуылға жауап ретінде Ормуз бұғазын жабатынын ескертіп келеді.

Аталған бұғаз – әлемдік мұнай экспортының негізгі бағыттарының бірі. Ол арқылы Сауд Арабиясы, Иран, Ирак және БАӘ мұнайы басқа елдерге тасымалданады.

Бұған дейін Bloomberg бұғаз ашық болғанымен, танкерлердің одан өтпей жатқанын хабарлаған. Атап айтқанда, Жапонияның Nippon Yusen KK кеме компаниясы өз кемелеріне Ормуз бұғазынан өтпеу туралы нұсқау берген, ал Грекия да өз сауда флотына ескерту жасаған.

Fars агенттігінің жазуынша, «танкерлер қозғалысын бақылайтын халықаралық жүйе Ормуз бұғазы аймағындағы танкерлердің жылдамдығы нөлге түскенін көрсетіп отыр».

Әлемдік мұнайдың шамамен 20 пайызы және сұйытылған газдың 30 пайызы Ормуз бұғазы арқылы өтеді. Сондықтан ол планетаның ең маңызды энергетикалық күретамыры деп аталады.

Мұнай бағасы Иранға соққы жасалу қарсаңында өсе бастаған – бір баррелі 73 долларға жеткен еді. Сарапшылардың пікірінше, егер Ормуз бұғазы жабылса, мұнай бағасы 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін.

Тегтер: