Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 11 Қыркүйек 2024

Иран Ресейге «Шахед» баллистикалық зымырандарын берді

а
Фото: hdi_vfx.artstation.com

Иран Ресейге қысқа қашықтықтағы «Шахед» баллистикалық зымырандарын берді. Бұл туралы The Wall Street Journal америкалық шенеунікке сілтеме жасап мәлімдеді. 

Алайда, Тегеран бұл мәліметті жоққа шығарып, қару жеткізу әрекеті соғысқа дейін болғанын алға тартады.

The Wall Street Journal мақаласында қанша қару-жарақ жеткізілгені және қашан тапсырылғаны көрсетілмеген. Соғысты зерттеу институтының мәліметінше, Тегеран айырбас ретінде ресейлік Су-35 жойғыш ұшақтарын алуды жоспарлап отыр.

Ақ үй қару-жарақ жөнелтілімін растаудан бас тартты, бірақ Иран Ресейді көбірек қолдап келе жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Вашингтон бірнеше ай бойы Тегеранды Ресейге баллистикалық зымырандар беруден сақтандырып келген. Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Шон Саветт мәлімдемесінде: «Иран баллистикалық зымырандарының Ресейге берілуі Иранның Украинаға қарсы басқыншылық соғысты қолдау деңгейінің күрт өсуін білдіреді және одан да көп Украина азаматтарының өліміне әкеледі», - деді.

Ал, Иран Ресейге 2022 жылдың күзінен бастап "Шахед" атты шабуылға арналған ұшқышсыз ұшақ түріндегі қару-жарақ беріп келеді.