Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Иран сарапшылар кеңесі Моджтаба Хаменеиді республиканың жоғарғы көшбасшысы етіп сайлады

Моджтаба Хаменеи
Фото: IRNA

Иранда елдің жаңа жоғарғы көшбасшысын тағайындау туралы шешім қабылданды.

9 наурыз күні Моджтаба Хаменеидің сайланғаны белгілі болды. Бұл туралы Сарапшылар ассамблеясының мәлімдемесіне сілтеме жасалып отыр.

56 жастағы Сейед Моджтаба Хаменеи – бұрынғы жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеидің екінші ұлы. Бұған дейін АҚШ жүргізген операция барысында Әли Хаменеи қаза тапқаны хабарланған еді.

Моджтаба Хаменеи Иранның саяси-діни элитасындағы ықпалды тұлғалардың бірі саналады. Ол ұзақ жылдар бойы жоғарғы көшбасшы аппаратының құрамында жұмыс істеп, Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) басшылығымен тығыз байланыс орнатқан.

Бұған дейін Сарапшылар кеңесі Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысын анықтағаны туралы хабарланған болатын.

Жаңа көшбасшыны таңдау процесі Иран төңірегіндегі әскери шиеленіс жағдайында өтті. 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына соққы жасағаннан кейін аймақта қақтығыс күшейген еді.

Әли Хаменеидің қаза тапқаны расталған соң, Иранда билікті беру рәсімі басталды. Елде 40 күндік аза тұту жарияланған.

Айта кетейік, бұған дейін Моджтаба Хаменеидің шетелде миллиардтаған долларлық элиталық жылжымайтын мүлікке ие екенін жаздық.