Иран тарапынан қауіп жағдайында Қазақстан нысандары қаншалықты қорғалған?
Сенат кулуарында Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Қазақстандағы америкалық қатысуы бар нысандардың ықтимал Иран шабуылдарына қарсы қорғанысы туралы пікір білдірді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр.
"Әрине, консорциумға қатысушы барлық тараптармен бірге түрлі сценарийлер пысықталуда. Бұл – ірі жоба. Біз өз міндеттемелерімізді мүмкіндігіміз шегінде орындап жатырмыз. Сонымен қатар транзиттік елдер мен энергия ресурстарын алушы мемлекеттер де өз шараларын қабылдауда. Барлығы бұл процестің үздіксіз жүруіне мүдделі, — деді Жаркешов.
Вице-министр қабылданып жатқан нақты шаралар туралы толық ақпараттың құпия екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Теңіз кен орнында дрон шабуылына қарсы әрекеттерді пысықтау бойынша әскери жаттығулар өткізіліп жатқаны хабарланған еді.