Бүгін, 11:55
Иран Түркияға тағы бір зымыран ұшырды, Түркия қорғаныс жүйесі оны жойды
Түркияның әуе қорғаныс жүйесі Иран ұшырған зымыранды тағы да қағып түсірді. Бұл туралы Түркия Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Министрлік Түркияға бағытталған кез келген шабуылға жауап беретінін атап өтті.
Зымыранның кейбір сынықтары Сирия шекарасына жақын орналасқан Газиантеп өңіріндегі ашық жерге құлаған. Қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.
Айта кетейік, 4 наурызда Иран алғаш рет Түркияға зымыран ұшырған болатын. Сол кезде олардың басты нысанасы НАТО-ның Инджирлик әскери базасы деп хабарланған. Кейін Иран президенті Түркия мен Әзербайжанға зымыран соққысын жасағанын жоққа шығарған, алайда бірнеше күннен соң көрші елдерден жасалған соққылар үшін кешірім сұраған.