Иранда Нобель сыйлығының лауреаты Наргиз Мохаммади ұсталды
Иранда адам құқықтарын қорғаушыларға қарсы қысым тағы да күшейді.
12 желтоқсанда Мешхед қаласында құқық қорғаушы, Нобель сыйлығының лауреаты Наргиз Мохаммади, сонымен бірге белсенділер Сепиде Колиян, Буран Назими және тағы бес әйел еске алу шарасы кезінде күш құрылымдары тарапынан ұсталды. Олардың ішінде белгілі журналист әрі фотограф Алие Муталибзаде де бар.
Ұсталғаннан кейін үш күн өткен соң ғана Наргиз Мохаммади отбасымен қысқа телефон байланысына шықты. Оның айтуынша, 12 желтоқсандағы арнайы операция кезінде ол күштік құрылым қызметкерлерінің қатыгез қарым-қатынасына, ұрып-соғуына және қорқытуына тап болған.
Оған Израиль үкіметімен ынтымақтастық айыбы тағылған.
Осыдан кейін оның адвокаттары Иран қауіпсіздік күштерінің әрекетіне қарсы ресми шағым дайындауға кіріскен.
Иран билігі жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Белгілі белсенді Алие Муталибзаденің қызы Хазаль Абдуллахи да анасымен байланысқанын хабарлады. Оның сөзінше: Муталибзаде қауіпсіздік органдарының бақылауында, 901-бөлім тергеушілері сұраққа алып, оған «ақпарат жинау және астыртын сөз байласу» бойынша айып тағылып, бір айға бас бостандығынан айыру жазасы берілген.
Ең алаңдатарлық жайт – Муталибзадеге ұсталған кезде ауыр жарақат алған. Ол алғашқы медициналық көмек алғанымен, көкірек қатерлі ісігіне байланысты қажет ем жалғастырылмай қалған. Қызының айтуынша, анасының денсаулығы нашарлап барады.
Халықаралық қауымдастықтың реакциясы
Иран билігінің бұл әрекеті әлем бойынша қатты сынға ұшырады. Еуропалық Одақ, Нобель комитеті, Human Rights Watch Иран билігін құқық қорғаушыларды дереу босатуға шақырды.
Наргиз Мохаммади — Ирандағы әйелдердің құқықтары мен азаптауға қарсы қозғалыстың белгілі тұлғасы саналады.