Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:19, 24 Маусым 2024

Иранда рэпер Тумадж Салехге қатысты өлім жазасы күшін жойды

Тумадж Салех
Фото: Le Parisien/Arnaud Journois/MAXPPP/dpa/picture allianc

Иранның Жоғарғы соты елдегі танымал хип-хоп әртісі Тумадж Салехге қатысты өлім жазасына кесілген үкімін жойды.

Ол 2022 жылы полиция бөлімшесінде қаза тапқан Махса Аминиді еске алу үшін ән жазған. Бұл туралы оның адвокаты Амир Райсан Х әлеуметтік желіде хабарлады.

«Тумадж Салехтің өлім үкімі жойылды», - деп жазды Райсан, сондай-ақ сот Салехтің алты жылға бас бостандығынан айыру мерзімін «артық» деп таныған. Апелляциялық шешім негізінде іс тиісті сотқа жіберіледі.

 Салех 2022 жылдың қазан айында күрд қызы Махса Аминидің өлімінен кейін Иранда басталған наразылық акцияларын көпшілік алдында қолдағаны үшін қамауға алынды. Бостандыққа шығып көп ұзамай ол тұтқынға алынғаннан кейін азапталғанын айтқан бейне хабарламасын жариялағаннан соң қайта қамалды.

2023 жылдың маусымында рэпер мемлекетке қарсы үгіт-насихат таратқаны үшін, сондай-ақ адамдарды зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін кінәлі деп танылды.

2023 жылы 19 қарашада Иран үкіметі 32 жастағы музыкантты кепілмен түрмеден босатты. Оның адвокаты Әмір Райсанның айтуынша, сот «бастапқы шешімде қателер» тапқан.

Айта кетейік, Ирандағы жаппай наразылықтар өткен күзде моральдық полиция тұтқындаған 22 жастағы Махса Амини қайтыс болғаннан кейін басталды. Ол 2022 жылы 16 қыркүйекте орамалды дұрыс тақпағаны үшін қамауға алынғаннан кейін көз жұмды. Оның отбасы Махса полицияның қатыгездігінен қаза болғанын айтады. Әминидің Ирандағы өлімі "Әйел, өмір, бостандық!" дп аталатын айларға созылған жаппай наразылық тудырды. Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметінше, 22 мыңнан астам наразылық білдіруші тұтқындалып, 550-ден астам адам қаза тауып, 7 адам өлім жазасына кесілген.

2023 жылы Махса Амини Еуропарламенттің «Ой еркіндігі» сыйлығымен марапатталды. Иранда әйелдер құқығын қорғау үшін наразылық қозғалысы Сахаров атындағы сыйлықтың лауреаты деп жарияланды. Бұған қоса, 2023 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы әйелдер құқығы үшін күрескен ирандық құқық қорғаушы Наргис Мохаммадиге берілді.

Тегтер: