Иранда сот ғимаратында атыс болып, екі судья қаза тапты
Атысты ұйымдастырған адам өз-өзіне қол жұмсады. Алдын ала мәлімет бойынша, оның Жоғарғы сотта қаралған ешбір іске қатысы жоқ.
Иран Жоғарғы соты ғимаратының сыртындағы атыс салдарынан екі судья қаза тауып, тағы бір судья жараланды. Бұл туралы IRNA агенттігі хабарлады.
Атыс 18 қаңтар күні таңертең Тегерандағы Жоғарғы сот ғимаратының жанында болған. Белгісіз біреу төрешілерге оқ атқан. Оқиға салдарынан судьялар Али Разини мен Мухаммад Мокисе қайтыс болды.
Бұл судьялардың терроризм мен тыңшылыққа қатысты істі қарап жатқаны хабарланды.
Қылмыскер өз-өзіне қол жұмсады. Алдын ала мәлімет бойынша, оның Жоғарғы сотта қаралған ешбір іске қатысы жоқ.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, олар Разиниді 1998 жылы Теһранның бас судьясы болған кезінде өлтірмек болған. Оның көлігіне бомба қою арқылы қастандық жасау әрекеті жасалып, оқиға салдарынан Разини жарақат алған.