Бүгін, 15:20
Иранда үш күн ішінде Израиль мен АҚШ шабуылынан кем дегенде 550 адам қаза тапты
Бұл туралы Al-Jazeera агенттігі Иран Қызыл Жарты Ай қоғамына сілтеме жасап хабарлады. Мысалы, Оңтүстік Фарс провинциясында ракеталық шабуыл салдарынан 35 адам мерт болған.
Барлығы 131 қала шабуылға ұшыраған.
Сонымен қатар шабуылдан зардап шеккендер арасында балалар мен бейбіт тұрғындардың көп екені хабарланды. Қазір Иранның бірнеше аймағында эвакуация және гуманитарлық көмек шаралары қолға алынды.