Ирандағы қазақстандықтарды төрт ел арқылы эвакуациялау жоспарланып отыр
Иранның әуе кеңістігі жабылып, әуе қатынасы уақытша тоқтатылуына байланысты сол елде жүрген қазақстандықтарға құрлықтағы шекаралар арқылы шығу мәселесін пысықтау үшін Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланысу ұсынылды.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Мыеа төрт бағыт бойынш- Иран – Әзербайжан, Иран – Армения, Иран – Түркия және Иран – Түрікменстан.
Иран аумағында уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан барлық қазақстандықтарға жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейту қатаң түрде ұсынылды.
Осыған байланысты отандастарымызға мынадай талаптарды сақтау сұралады:
адамдар көп жиналатын орындарға бармау және көпшілік іс-шараларға қатыспау;
жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын үнемі бақылап отыру;
аса қажет емес сапарларды шектеу;
жеке басын куәландыратын құжаттарды үнемі өзімен алып жүру;
ықтимал төтенше жағдайларға дайын болу;
Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.
Байланыс нөмірлері
Қазақстанның Ирандағы Елшілігі тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін ашты.
Тегерандағы елшілік:
кезекші телефон: +98 21 2256 5933
ұялы телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672
Горган қаласындағы Бас консулдық:
+98 912 298 0350 (ұялы телефон)
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны)
+7 701 771 34 01 (WhatsApp)
Бендер-Аббас қаласындағы консулдық:
+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp)
«Аталған байланыс арналары арқылы азаматтар консулдық көмек сұрап, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады. Өз қауіпсіздіктеріңізге жауапкершілікпен қарап, сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз», — делінген елшілік хабарламасында.
Қазір Иранда қанша қазақстандық бар?
СІМ мәліметінше, қазіргі уақытта Иран аумағында 96 қазақстандық бар:
18 адам – дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері;
2 адам – студент;
70 адам – «Заркух» зауытының қызметкерлері;
6 азамат – жеке шаруаларымен барған.
Олардың арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін, 27 ақпанда, Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Ираннан кетуді ұсынған болатын.