Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:31

Ирандағы наразылық кезінде 30 мың адам қаза тапқан болуы мүмкін – БАҚ

иран
Фото: AP / Scanpix / LETA

Reuters агенттігінің мәліметінше, Иранда 8-9 қаңтар күндері өткен жаппай наразылық шерулері кезінде 30 мың адам қаза тапқан болуы мүмкін.

Бұл туралы Time журналы елдің Денсаулық сақтау министрлігіндегі жоғары лауазымды шенеуніктерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылым жазғандай, қаза тапқандар саны соншалық көп болғандықтан, шұғыл қызметтерге мәйіт салатын қаптар жетпеген. Жедел жәрдем көліктері орнына тіркемесі бар жүк көліктерін пайдалануға тура келген.

Иран үкіметі 23 қаңтарда таратқан ресми деректерге сүйенсек, наразылықтар кезінде 3117 адам көз жұмған. Елдің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи олардың 2427-сі бейбіт тұрғындар, ал 690-ы «террористер» екенін мәлімдеді.

Экономикалық қиындықтар аясында 28 желтоқсанда басталған бұл наразылықтар бүкіл елді қамтыған ауқымды қозғалысқа айналды. HRANA ұйымының мәліметінше, шамамен 26,5 мың адам тұтқындалған. Иранның сот жүйесінің өкілінің айтуынша, кейбір тұтқындар «Құдайға қарсы бүлік» жасағаны үшін айыпталып отыр, ал елдің Қылмыстық кодексіне сай, ондай әрекет үшін өлім жазасы қарастырылған.