Ирандағы жарылысқа себеп болған Қасым Сүлеймени кім еді?

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының генералы Касем Сүлейманидің қаза тапқанына үш жыл толуында ол жерленген зиратта жарылыстар болды.
Соңғы мәлімет бойынша, 100-ден астам адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жараланған.

Иранның Керман қаласында Ислам революциясы Сақшылар корпусының генералы Қасым Сүлеймани жерленген зират жанында екі жарылыс болды.
IRNA мемлекеттік агенттігінің мәліметі бойынша, осы уақытта генерал Сүлейманидің қайтыс болғанына үш жыл толуына орай оның бейітіне қаралы марш өткен.
Иран халықаралық ұйымының соңғы мәліметі бойынша, жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 103-ке жетіп, 170-тен астам адам жараланған.
Бірінші жарылыс қабірден 700 метр қашықтықта, ал екіншісі - шамамен бір шақырым қашықтықта болды.Tasnim агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасап, бомбалар зираттың кіреберісіне қойылғанын хабарлады. Жарылғыш құрылғылар екі қапқа салынып, қашықтан іске қосылады. Ведомствоның мәліметінше, жарылыстар арасында бірнеше минут өткен.
Салтанатты шара барысында ауданда дәрігерлер мен жедел жәрдем көліктері кезекшілікте болды, олар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Қала басшысының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары жарылыстарды теракт деп бағалады. Иранның Бас прокуратурасы лаңкестік әрекетке қатысты тергеуді бастады.

Қасым Сүлеймани кім?
Иранның сыртқы саясатының бас идеологы Қасым Сүлеймани 2020 жылдың 3 қаңтарында Ирак астанасы Бағдадтағы халықаралық әуежай аймағында америкалық әскерилердің көліктер керуеніне әуеден соққы беруі кезінде қаза тапты. Сол кезде Ирактың халықтық жұмылдыру күштері қолбасшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандис те қаза тапқан болатын.
АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамп мұны америкалықтардың арнайы операциясы деп мойындады. Трамп Сүлеймани Ирандағы көптеген наразылық білдірушілерді өлтіруге, сондай-ақ жылдар бойы «мыңдаған америкалықтарды өлтіруге немесе жаралауға» қатысқанын және «көп америкалықты өлтіруді жоспарлағанын» айтты. Ол Сүлейманиді Иранда да «өз халқы жек көретінін және қорқатынын» айтқан.
Генерал-майор Қасым Сүлеймани Ирандағы ең ықпалды тұлғалардың бірі болып саналды және Ислам революциясы Сақшылар корпусының елден тыс операциялар жүргізетін әл-Құдс элиталық бөлімшесін басқарады. Сауд Арабиясы мен Израиль оны тоқтатуға тырысты.
Генерал Иранның әскери әрекеттерінің артында тұрған стратег деп есептелді. Ол Ираннан бөлек Сирия, Ливан, Ирак және Йеменде үлкен беделге ие еді.
Ол Ресей президенті Владимир Путинді 2015 жылы Сириядағы қақтығысқа араласуға көндірген деген мәлімет бар.