Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:40, 24 Қараша 2019

Ирандағы қазақ байы - Ерқасым

Кіріспе

Қызыл үкімет орнап, елдіңберекесі қаша бастаған тұста адай руынан шыққан Алданияз есімде бай мыңғырағанмалын айдап, парсы еліне көшті.

Комунистік жүйе дүниесіне де тыныштықбермейтінін, болашақта ұрпағына да жақсылық көрсетпейтінін жақсы білген еді.

Ол Иранға бірден өтіп кетеалмай, жолда Түркіменстанда үш-төрт жыл аялдады. Мал-мүлкі таланды, көп қысымкөрді. Бірақ алдағы өмірден үмітін үзген жоқ. Сол жақта жүргенде ұлды болып,атын Ерқасым деп қойды.

Кәсіпкердің әңгімесі

Бір ғасырға жуық уақыт өткендеқарағандылық кәсіпкер Ерлан Әшім Түркиядағы қазақтарды аралап жүрді. Бұл кісіөзі кәсіпкер болса да, ескі әңгімелерге жаны құмар, үлкен кісілерді сөйлетіпқойып, сағаттап тыңдап отыра алатын адам еді. Кезінде Ауғанға көшіп, одан Иранарқылы Түркияға келген кісілер Ерлан Әшіммен сөйлескенде көптен айтпай, ұмытабастаған әңгімелерін жаңғыртып, бір жасап қалатын.

– Бір жолы үлкен кісілердің бірі Ираннан қалайкөшкендерін айтып отырған, –дейді Ерлан.– Алпыс-жетпістегі кісілер ғой,кейбіреулері соғысқа дейін көшкен, кейбіреулері соғыс уақытында Иранды басып,Түркияға өткен. Содан, әлгі кісі «Ираннан өткенде бір қазақ бізге көмектесіпеді, өзі сондай мықты жігіт еді» деп, аты белгісіз бір адам туралы біраз жақсысөз айтты. Мен қатты мән берген жоқпын, бірақ есімде қалып қойды. Одан біразуақыт өткенде тағы бір кісінің үйінде отырып, тарихын сұрап, әңгімеге тартыпотырғанмын. Бір мезгілде ол кісі де Иранда бір мықты кісі болғанын, Түркияғаөтіп бара жатқанда көмектескенін айта келіп, өзі бір адам еді деп риза көңілменеске ала бастады. Сол жерден сөзін бөлдім де, ол кісінің аты кім еді депсұрадым. Әңгіме айтушым ойланып қалды да, «біз ерте көштік қой, ол кезде ментіпті жас болдым, аты есімде қалмапты» деді. Әй, дәу де болса өткен жолыестіген кісім туралы айтып отырсыз-ау деп ойлап қалдым. Не керек, тағы біразуақыт өткеннен кейін Ауғаннан көшкен және бір кісінің үйінде отырмаймын ба? Бұлкісілер бір-бірін танымайды да, оны да айта кету керек шығар. Сөйтіп, үшіншікісім де тура солай әңгіме бастамай ма? Ирандағы мықты жігіт туралы жеріне келгендебұл кісінің де сөзін бөліп, әлгі мықты кісіңіздің аты кім, есіңізде бар ма деп сұрадым.Алдындағы кісі ұмытып қалдым деген соң, бұл кісі де ұмытты ма деген күдік болды.Бірақ олай емес екен, «әрине, есімде» деді ол кісі салған жерден, «Ерқасым ғой!».«Ерқасым,Ерқасым» деп ішімнен қайталап, жаттап алдым. Әңгімеміз біраз жерге барып,шай-пайымызды ішіп болған соң біраз уақыт бұрын соққан алдыңғы екі кісіні іздепбардым. «Баяғыда осындай әңгіме айтып едіңіз ғой, есіңізде ме, сонда Ирандағыбір мықты қазақ туралы сөз болған, аты есімде қалмады деп едіңіз, сол адамныңаты Ерқасым емес пе?» десем, екінші барған кісім«иә, иә, Ерқасым» деп қуаныпкетті. Бірінші естіген адамыма барып сұрап едім, ол да сөйтті. Үш бірдей адамжас күнінде ауғаннан Иран арқылы көшкенде Ерқасым деген қазақтан жақсылықкөріпті. Бұл тегін адам емес екен деп ойладым.

Ережеп Ақтау жүр

Ерлан осы әңгімені айтып,бәрімізді қызықтырып қойды. Сөйтті де:

– Сол Ерқасымның Ережеп деген ұлы қазір Ақтауда тұрадыекен. Қазір Шымкентке қонаққа кеткен көрінеді,– деп одан сайын қызықтырды. – Шымкенттежатқан үйінің нөмірін тауып алдым.– деді онымен қоймай.

– Қалай тауып алдыңыз?

– Ол ұзақ әңгіме.

– Айтыңыз.

Ерлан оны да айтып берді.Барынша қысқартып айтсақ, былай болған екен. Осыдан екі жыл бұрын Қарағандыдадүниежүзі қазақтары арасында қазақ тілінен оқушылар олимпиадасы өтіпті. Соныестіген Ерлан оқушылар жатқан жатақханаға барып, мұғалімдерімен танысып, ақыраяғында бірнеше автобус жалдап, балаларды қыдыртып, дастархан жайып, риза ғыпшығарып салыпты. Сол жолы мұғалімдердің, оның ішінде Ираннан келген қазақ тіліпәнінің мұғалімінің де нөмірін алып қалған екен. Түркияда жүріп Ерқасымның атынбіліп алған соң, сол кісіге интернет арқылы хабарласып, «сіздерде Ерқасым дегенкісі болған екен, білсеңіз айтыңызшы» дейді ғой. Сонда ол жақтағы кісіЕрқасымның Ережеп деген баласы туралы айтқан екен. Ал Ерқасымның өзі осыдан онбір-ақ жыл бұрын, сексеннан асып дүниеден озған көрінеді.

Ережеп Ерқасымұлын қонақ қылыпкүтіп жатқан кісінің нөмірін алып, мен де хабарластым. О баста бір-екі күндейкөтермей жүрді де, бір-екі күн өткен соң барып көтерді. Ауғаннан көшіп келгенҒолам деген кісі екен. Ережеп өзімнің інім ғой деп қояды. «Ол үш-төрт күннен соң Ақтауға кетеді де, одан әрі Иранға қайтады»деді. Яғни, Ақтауда емес, Иранда тұрады екен. Бұны ести сала Ерлан мырзағаайтып едім, қалай болғанда да әңгімесін сұрап қал, үлкерсең Шымкенттен,үлгермесең Ақтаудан ұста деді. Сөйтіп, аяқ астынан Алматыда жүрген жерімненАқтауға ұшып кеттім.

Түйенің көз жасы

Ережеп жасы алпыстан асқан кісіекен. Бір туысының үйінде қонақ боп жатқан жерінен кездестік. Әйелі жергедастархан төсеп, шай құйды. Түрі парсыға келіңкірейді екен, артынан білдім, Ерекеңніңбірінші әйелі екі жыл бұрын қайтыс болып, жақында ғана осы кісіні алған екен.Қазақстанға осы келісі де соған байланысты – жаңа алған келіншегін осы жақтағытуыстарына таныстырып жүр. «Бұл жеңгеңніңәкесі қазақ, шешесі парсы»деп түсіндіріп өтті.

– Атам бай болған, –деп негізгі әңгімеге кірісті Ережеп Ерқасымұлы.– Ол кісінің аты – Алданияз еді. Маңғыстау өңірінен Түркіменстанға,Түркіменстаннан Иранның Порт Түрікмен деп аталатын жеріне көшкен. Порт Түрікмендеп аталатын себебі, ол Иранның Түркіменстанға таяу тұсы, сондықтан да ол жақтапарсыдан гөрі түрікмендер көп тұрады. Атамызды өзім көрдім, түрікменнен қорлықкөп көрген, сол үшін де түрікменді жек көруші еді. Жол бойы тоналып, Иранғажеткенде алпыс-ақ түйесі қалыпты. Түйені байлап қоймасаң, елге қашып кетедідейтін. Ал байлап қойса, Маңғыстау жаққа қарап, көзінен жасы парлап, боздайдыекен. Адам қарап тұра алмайды дейді.

Ә дегенде арбакеш болған...

Ал әкемнің аты Ерқасым. Түркімен жерінде туған. Біз жақтажылды хижрамен есептейді. Миләди бойынша әкем 1925 жылы туған болуы керек. Олкісі жігіт болып қалған шағында атамыздың байлығынан түк қалмайды. Тақыр кедейдеуге болмас, бірақ бұрынғымен салыстыруға да келмейді. Әкем сонда ат арбаменжүріп көмір тасиды екен. Үлкен өмірге алғашында солай араласқан. Артынан нанпісіріп сатқан. Құрылыс материалдарын сатуға көшкен. Одан есік-терезе жасайтынұстахана ашқан. Сөйтіп жүріп тапқан ақшасын жерге салыпты. Бір жер алған, одансоған жалғап тағы алған. Бірнеше жылда маңайындағы бос жердің бәрін алыпболған. Қаланың ішінде бес гектар, қаланың сыртында жүз гектар жеріміз болды.Мал да бақтық, егін де салдық. Мен өскен кезде әкем ақырындап шаруашылықтаналыстай бастады. Біз – балалары ол кісінің кәсіптерін бөліп-бөліп алып қалдық.Мен құрылыс заттарын сатамын, інім егін салады дегендей.

Түркімендер алғаш көшіп келгенде атамның заттарын тартыпалғанымен, әкеме ондай қысым жасай алған жоқ. Әкемді бәрі сыйлайтын еді. Қалыңтүрікменнің ішінде отырып, солай дүние мен бедел жинай білді.

Қаланың ішінде бес гектар жеріміз болды дедім ғой. Солжерде қойма ретінде салынған, бірақ әр кезде әртүрлі мақсатқа қолданылған,бараққа ұқсас ұзын-ұзын, бір-біріне жалғасқан сарайлар болды. Біздің балакүнімізде сол жерде Ауғаннан келген қазақтар тұрды. Біреуі келіп, біреуі кетіпжатушы еді. Кейбірі ұзақ тұрды, кейбірі аз ғана уақыт тұрды. Әкем ешқайсынанақша алған емес, қайта жұмыс ұсынып, зекет пен ұшырып соларға беріп, Түркияғакөшіп кеткенше жағдайын жасап жүрді. Жүз отбасы тұрды десем көп болып кетуімүмкін, бірақ ең аз дегенде жетпіс-сексен отбасы тұрып кеткені анық.

Міне, қазір Қазақстанға қонаққа келіп жатырмын ғой. Күндебір адам қонаққа шақырады. Кеше Шымкенттен қашып шықтық деуге болады. Бәрі декезінде біздің үйде тұрып кеткен адамдар. Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесіндеген осы шығар.

Отыз жыл азан шақырған

Мен Ережеп көкемізден әкеңізқандай адам болып еді деп сұрай бастадым. Шаруаға қалай қараушы еді, сіздергеұрсатын ба еді, неше баласы болды, неден қайтты деймін ғой.

– Әкеміз көп сөйлей қоймайтын адам еді, – дейді Ерекең.–Шаруаға байланысты болмаса, былай ұрыспайтын. Шаруаға қатысты талапшыл болуызаңды ғой, әрине. Бір бала әкесіне ренжиді екен дейді. Неге бірнәрсені қайталапайта бересіз деп. Сөйтіп бір күні әкесі ештеңе айтпай қойса, істеймін дегеністерінің бәрін ұмытып, шаруасы дұрыс жүрмей қойыпты. Сонда әкесіне барып,«сіздің қайталап айта бергеніңіз дұрыс екен, енді бұрынғыдай айтып отырыңызшы»деген екен дейді. Бұл енді бір тәмсіл ғой. Дегенмен жаны бар сөз.

Әкеміз бізге он екі жастан бастап намаз оқытты. Менәкемнің бесінші баласымын. Менің алдымда төрт қыз бар. Менен кейін шешемнентағы төрт бала сүйген.

Әкем менің жас күнімде қажылыққа барып келді. Нақты нешежаста болғанын білмеймін. Әйтеуір, сол бірінші қажылығынан кейін екінші ретотау құрды. Ол шешеміздің ұлты – парсы. Әкемізге жеті бала туып берді. Қазір дебар ол кісі. Інілерімнің қолында тұрады.

Кейін әкем шешемді алып екінші рет қажылыққа барып келді.Ол кезде біз ер жетіп қалғанбыз. Содан соң әкем шаруаға азырақ араласа бастады.Бізге тапсырды десек те болады. Одан кейінгі өмірінде мешітте азан шақырушыболды. Отыз жыл бойы сол әдетінен тайған жоқ.

Ережеп көкеміздің мынаәңгімесіне таңғалып, кей нәрселерді қайталап сұрай бастадым. Әкеңіздің ең кішібаласы нешеде десем, «отыз бірде»дейді жымиып. Онымен қоймай, «Әкемнің үшбаласы менің баламнан кіші»деп қояды. Парсы әйелінен туған балалары қайтілде сөйлейтінін сұрадым. Бізде басқа ұлтпен отау құрғандардың балалары солтілде сөйлеп кететінін білемін ғой. Сөйтсем, тек қана қазақша сөйлейді дейді.Онымен қоймай, Иранда мың түтін бар екенін, соның бәрі де үйде тек қазақшасөйлейтінін басын көтеріп, мақтанып отырып айтты. Әрине, қоғамда парсы тіліндесөйлеседі, ал үйге кірген соң тек қазақ тілі.

Мен артынан Ережеп көкеміздіңінісі Нұржанмен де интернет арқылы сөйлестім. Әкеңіз о баста арбамен көмір тасуданбастаған екен, кейін қалай көтерілді, есіңізде қалған қандай әңгімелер бар депсұрасам:

– Әкем ешқашан соншалық тақыр кедей болмаған. Арбаменкөмір тасыған кезінде бай деуге болмайды, бірақ кедей деуге де келмейді.Өйткені, ол кезде арбасы бар адам қазір камазы бар адам сияқты болған,– дейді. – Есімдеқалған сөзі, әкем айтып отырушы еді, басында дәні бар бидай иіліп тұрады, алөнімі болмаса ол менменсіп, аспанға қарайды, сондықтан ешқашан тәкаппар болмаукерек, кішіпейіл болып, иіліп тұрыңдар дейтін.

О баста сөйлескен, Ережепкөкемізді қонақ қылып жатқан, қазір Шымкентте тұратын Ғолам деген кісіге қайтахабарласып, Ерқасым туралы сұрадым. Қалай таныстыңыздар, не есіңізде қалдыдедім.

– Ерқасыммен таныспау мүмкін емес қой, – дейді ол кісі күліп.– Иранға, оның ішінде Порт Түрікменге барған адам қайтсе де Ерқасымға барады.Ол кісі сол жақтың ақсақалы сияқты адам ғой. Біз Ауғаннан елден бұрын көштік.Інім екеуіміз жетім өстік. Әкем есімде жоқ. Шешемді білемін, ал інім шешемді дебілмейді. Ерте жетім қалдық. Әйтеуір, өйтіп-бүйтіп күн көріп жүрдік. Мен он екіжасқа келгенде інімді ертіп, Арабияға жолға шықтым. Алдымен Иранның жерінеөттік қой. Сонда Ерқасым әкемізге барып, сол кісінің берген үйінде біраз уақыттұрдық. Сол кісінің шеберханасында есік-терезе жасайтын ұсталықты үйрендім.Кейін буынымыз қатқан соң Арабияға емес, Түркияға көштік қой. Ақыры балаларымызөскенде, міне, Қазақстанға көшіп келіп отырмыз.

Ерқасым әкемізді бәрі сыйлайтын еді, қаншама адамға көмекберді. Ешкімнен ештеңе дәметкен жоқ. Ол кісіге Алла разы болсын.

Түйін

«Баталы ер – арымас» деген сөзеске түседі. Біз көп мақалды айта-айта, мағынасына үңілуден қалдық, көп сөзімізжаттанды сөзге айналып кетті. Заманның ауаны да бізге «обал», «сауап», «қиянат»сияқты терең де өміршең түсініктерді көмескілеп жіберді. Солардың қатарында«бата»да кеткен сияқты. Қазір бата десе, қолын жайып, тақпақтатып тұрған шалелестейді. Негізінде әрбір адамның шын көңілмен өзіне жақсылық жасаған адамғаалғыс айтуы, кейінгі өмірінде еске алып, жақсы тілек тілеп жүруі, балаларына,немерелеріне естелік қылып айтып отыруы, оны естіген ұрпақтары да өздерікөрмеген сол адамға іштей алғыс айтып жүруі – міне, нағыз бата осы емес пе?Егер бата деген сөзді осылай түсінсек, Ерқасым нағыз батаға жарыған кісі боладыекен. Көп сөйлемей-ақ, ешкімге айтпай-ақ осынша көп іс тындырғанына, Құдайдыңоған бала-шағасы мен дүние-мүлкіне сонша береке беріп қойғанына қарасақ,осындай ойға келеміз.

Біз бір баталы ер туралыайттық. Ал шекараның сыртында да, ішінде де осындай қаншама баталы ер өтті,шүкір, қазір де бар, бірақ олар туралы аз естиміз. Олар білдірмей істейді,көпке көрінуді мақсат тұтпайды.Құндылықтарымыз өзгеріп, істеген істі де,істемеген істі де жалаулатып, жар салып, артынан есеп беріп үйреніп қалған осықоғамның қазіргі адамдары – мына біздер ондайға таңдана қараймыз...

Сурет ғаламтордан алынды: 365 info.kz

Тегтер: