Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:05, 16 Қазан 2023

«Иранның ХАМАС шабуылына қатысы жоқ» − Байден

Байден
CBS News

АҚШ президенті Джо Байден ХАМАС шабуылына қатысты жауап берді

АҚШ барлауында Иранның Хамастың 7 қазанда Израильге жасаған шабуылдарына қатысы бар екендігі туралы нақты дәлелдер жоқ. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден CBS News арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Zhasalash.kz.

«Мен құпия ақпаратты ашқым келмейді. Бірақ шынымды айтсам, бұған нақты дәлел жоқ», - деп жауап берді ол.

Нақты сұраққа Байден Иранның Хамас пен Хезболланы үнемі қолдайтынын айтты. Алайда бұл жағдайда америкалық барлаудың 7 қазандағы шабуылдың Тегеранда жоспарланғаны туралы ешқандай дәлелі жоқ. 

Тегтер: