Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің жаңа хатшысы тағайындалды
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қызметіне Мохаммад-Багер Зольгадр тағайындалды.
Иран президенті әкімшілігінің байланыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мехди Табатабаидің мәліметінше, Зольгадрдың кандидатурасы елдің жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи тарапынан мақұлданған.
Мохаммад-Багер Зольгадр 1979 жылғы ислам революциясынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусына (ИРСК) қосылған. Иран-Ирак соғысы кезінде «Рамазан» штабының командирі болған.
1997–2005 жылдары ИРСК қолбасшысының орынбасары қызметін атқарса, 2005–2007 жылдары Махмуд Ахмадинежад президент болған кезеңде ішкі істер министрінің орынбасары болды. Ал 2010–2021 жылдары сот жүйесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Зольгадр бұл қызметке 17 наурыз күні Тегеранға жасалған израильдік соққы салдарынан қаза тапқан Әли Лариджанидің орнына келді.