Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:31

Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі АҚШ пен Израильге қатаң мәлімдеме жасады

Моджтаба Хаменеи
Фото: ашық дереккөз

Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи қызметке келгеннен кейін алғаш рет көпшілік алдында мәлімдеме жасап, АҚШ пен Израильге қатысты қатаң позиция білдірді.


Ирандық БАҚ таратқан үндеу 12 наурыз күні мемлекеттік телеарна арқылы жарияланды. Мәлімдемеде Хаменеи 28 ақпанда басталған соғыс барысында қаза тапқандар үшін АҚШ пен Израильден кек алынатынын айтты. Ол бұл қызметке әкесі қаза тапқаннан кейін тағайындалған.

- Біз шейіттердің қаны үшін кек алудан бас тартпаймыз. Біз жоспарлап отырған кек тек революцияның ұлы көшбасшысының шейіт болуына ғана қатысты емес, дұшпан өмірін қиған әрбір ұлт мүшесі де кек алуға жеке себеп болып саналады, - деді ол.


Тегеранның дерегінше, соғыстың алғашқы күні Минаб қаласындағы қыздар мектебіне жасалған соққы салдарынан кемінде 175 адам көз жұмған.

Хаменеи сонымен қатар Иран сыртқы қысымға мойымайтынын айтты.