Ірі кәсіпорындар Қарағандының экономикасын көтеруде

Қарағанды Қазақстанның индустриялық орталығы саналады. Тіпті бұл қала шахтерлер астанасы деп аталып қана қоймай, бұл өңірде еліміздің ірі металлургия, көмір өндіру, машина жасау, кәсіпорындары кеңінен ашылған.
Сондықтан да Қарағанды өңірі индустриялық-инновациялық дамуы жағынан өзге өңірлерге қарағанда алда келе жатыр деп айта аламыз. Сондай-ақ аталмыш өңірде бірнеше кәсіпорындар ашылған. Енді сол кәсіпорындар мен олардың инвестицияға келтірген пайдаларына жеке тоқталсақ, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында «Бемер Арматура» ЖШС орналасқан. Онда неміс технологиясы бойынша шарлы ілмекті арматура шығарады.
Ал «Recycling Company» ЖШС Қазақстандағы ескі көлік құралдарын жоятын тұңғыш зауыт саналады. Онда экологиялық технологиялар бойынша жылына елу мыңнан аса автомобильді жоюға мүмкіндік қарастырылған. Бұдан кейін ірі кәсіпорын саналатын «Әлфарух» көтерме-бөлу орталығы да өңірдегі маңызды транзиттік-логистикалық орынға айналған. Бұл нысандар еліміздің жаңа экономикасын құруда өте маңызды саналады. Сондай-ақ бұл қазіргі уақытта еліміздің экономикасын табысты құрудың жарқын мысалына айналып отыр.
Жалпы кәсіпорындардың еліміз үшін қанда пайда әкелді? деген сұраққа келсек, индустрияландыру жылдары жалпы инвестиция көлемі сегіз миллион теңге болатын бір мың екі жүз елу өнеркәсіп орындары пайда болған. Сонымен қатар жүз жиырма мың жаңа жұмыс орны ашылған. Ал Қазақстанда бұрын өндірілмеген бес жүзден астам жаңа өнім түрлерін шығару жоспарға алынған. Бұл туралы Мемлекет басшысы кезінде «Біз әлемдік коньюнкутураның нашарлауы жағдайына байланысты бәсекенің артқанын және сауда орындарының қақтығыстарының шиеленісе отырып, жалпы жаһандық қарама-қайшылықтың орын алғанын байқадық. Сондықтан біз уақытты ұттырмай, тез әрекет ете білуіміз керек» деген болатын.
Одан бөлек, экономикада құрылымдық тұрғыдан ілгерілеу мен өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру, экспортқа өнім шығару арқылы, көлемін ұлғайту қажеттілігі қай кезеңде де келелі мәселелердің бірі. Анығын айтқанда, қазір бізде өнеркәсіптің жүз сексенге жуық тауар түрі экспортталады. Осыған қатысты президент алдағы уақытта инвестиция саласына талдау жасай отырып, еркін экономикалық және индустриялық аймақтың инвестиция тартуына болатынын айтқан болатын. Осы орайда, үкімет тарапынан бұл мәселені зерттеуге арнайы экономикалық және индустриялық аймақтың тиімділігіне талдау жүргізуге керектігі баса айтылған.
Сондай-ақ Қарағанды облысында индустрияға байлнысты өзгерістерге келсек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Бековтың мәлімдеуінше, Қазақстан бойынша биыл бірнеше ірі жоба іске асады. Оның ішінде «Орталық –Оңтүстік» жобасы бойынша жалпы ұзындығы тоғыз жүз қырық алты шақырым болатын «Астана – Қарағанды – Балқаш –Алматы» дәлізінің құрылыс жұмыстары басталды. Ал «Қарағанды – Балқаш –Бурылбайтал – Құрты – Қапшағай» учаскелерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасып, биыл аяқталады деп күтілуде. Бұл жобаларды айтып отырған себебіміз, егер де индустрия қалыпқа келсе, экспорт арқылы елдің сауда-саттық жасауына жол ашады.
Ал өңірдегі кәсіпкерлік қалай дамуда? деген сұраққа келсек, шағын кәсіпкерлік субъектілер мұндай объектіні орналастыру қала құраушы құжаттамада көзделмегендіктен, жергілікті атқарушы органда сауда — саттық аукциондар өткізуге байланысты айтарлықтай міндеттемелер туындамайды. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар дүңгіршектермен және сауда-саттықты өткізбей, құрылымның сәулеттік келбетін реттеуге атсалысады. Сонымен бірге, адами ресурстар мен жер учаскесін жалдау шартының орындалуын бақыламайды. Палата аталмыш проблемаларды кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау процесін тоқтатпай, осы мәселелерді шешу мақсатында Астана қаласында палатаның бастамасы қолдау таба отырып, «көше саудасы» жобасын іске асыру туралы шешім қабылданған болатын. Және осыған орай, «көше саудасын реттеу» мәселелері жөнінде арнайы комиссия құрылып, жер учаскелерін беру тәртібі әзірленген еді. Алдағы уақытта осы құжаттамаларға сәйкес, сауда объектілерінің орналасу орындары анықталып, сауда объектілерінің бірыңғай сыртқы түрі анықталды.