Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:42, 25 Сәуір 2023

Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағамен жекенің қолына өтіп кеткен – Үкімет комиссиясы

None
None

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жеке меншікке берудің заңдылығы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Жас Алаш Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жеке меншікке сатылғаны айтылды. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады», — делінген хабарламада. 

Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.

я

Тегтер: