Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:21, 12 Қараша 2019

Исабековтің романын француздар түсінбейді

Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлемнің5 тіліне аударылған тоғыз қазақ жазушысының кітаптары сапасыз тәржімаланған.

СмағұлЕЛУБАЙДЫҢ  «Ақбоз үй» трилогиясын испандар,Дулат ИСАБЕКОВТІҢ «Қарғын» романын француздар түсінбей отыр.

«Ең қызығы, аудармашының атыкөрсетілмеген. Кім екенін білмейсің. Сосын Брюссельдегі таныстарыма оқыттым. Олар қазір ғана келіп кетті. Оқып шығып, түп нұсқасын білмеймін,бірақ мынау француз тілі емес деді. Аудармашының аты көрсетілмеген.Сөйтсек, гугл бойынша аударатын бірнәрселері бар екен ғой.Кезекші тілмен аударылған роман. Ол кітапты кім үшін шығарып отыр? Бұл кітаптарқоймаларда жатыр. Француз тіліндегі романды Париж сұратып алмайды. Оны қайтсін?», — деді Дулат Исабеков КТКтелеарнасыныңтілшісі Диас НҰРАҚЫНҒА.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жазушы  Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ, Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ шығармаларыаударылған. КТК жаңалықтар қызметінің тілшісі Смағұл Елубайдың испан тілінеаударылған «Ақбоз үй» романын 25 жылдан бері испан тілінде сабақ беріп жүргенПаскуаль ТОРРЕСКЕ оқытқан.

«Кітапты қарап шықтым. Бұл шығарманы испантілді адамның түсінуі өте қиын. Өйткені әдеби стилистикасы мүлдем жоқ», — деген испан тілінің маманы.

Сондай-ақ, Ұлттық кітапхананың қолға алуымен Мұрат ӘУЕЗОВТІҢ «Главпочтамп»,Олжас Сүлейменовтың «Язык письма», Бексұлтан НҰРЖЕКЕЕВТІҢ «Әй, дүние-ай»,Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз», Шерхан МҰРТАЗАНЫҢ «Бойтұмар», ҚойшығараСАЛҒАРАҰЛЫНЫҢ «Қазақстар», Шәкен КҮМІСБАЕВТЫҢ «Балалық шақ» атты шығармаларыаударылған. Ағылшын, испан, француз, араб, қытай тіліне аударылған кітаптардыңтұсаукесері былтыр қараша айында Алматыдағы Ұлттық кітапханада өткен.

Фото: adebiportal.kz

Тегтер: