Ішкі істер министрі бірнеше шендіні тағайындады
ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды, — деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, арнайы жиынға қатысушылар жаңа қызметтен үміттілердің жетістіктеріне тоқталып, олардың біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін талқылады.
Осылайша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен:
— Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;
— Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;
— Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;
— Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.
Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілген.