Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:45

«Ысырапшылдық – ұят»: Қытайда мемлекеттік қызметкерлерге қатаң шектеулер қойылды

Қытай
Фото: ашық дереккөз

Іссапар кезінде қонақүй санатын негізсіз жоғарылатқандар да жазаланады.

Қытай Коммунистік партиясы мен Мемлекеттік кеңес мемлекеттік қаражатты жұмсауға қатаң шектеу қойды. Жаңа қабылданған 63 баптан тұратын құжат мемлекеттік қызметкерлерден жұмыс барысында толық үнемшілдік пен ұстамдылықты талап етеді. Енді мемлекеттік қызметкерлер қымбат мейрамханаларға бармайды, сыйлық алмайды, іссапар кезінде люкс қонақүйлерге тоқтамайды және чартерлік рейстермен ұшпайды.

Мәселен, 20-бапта шенеуніктерге белгіленген лимиттен тыс «қымбат ойын-сауық шаралары мен сыйлықтар, бағалы қағаздар мен төлем купондарын» пайдалануға, сондай-ақ шетелде құмар ойындарға қатысуға қатаң тыйым салынған.

«Шетелге сапар барысында мемлекеттік қаражат мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар арасында сыйлық алмасуға немесе бір-бірін қонақ етуге жұмсалмауы тиіс», — делінген құжатта.

Тыйым салынған әрекеттер тізімі:

– Қызметтік қабылдауларда деликатестер, алкоголь мен темекі қолдану;

– Қымбат сыйлықтар, бағалы қағаздар және шетелдегі құмар ойындар;

– Әуежай мен вокзалдарда шенеуніктерді дабырамен қарсы алу;

– Артық ілесіп жүретіндер, чартерлік рейстер, нормадан тыс қонақүйлер;

– Іссапар маршрутын өз бетінше өзгерту, елдер мен күндер санын арттыру.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, бұл құжат шенеуніктерді «қатаң еңбекқорлық пен үнемшілдікке» шақырады. Себебі құжатта айтылғандай, «ысырапшылдық — ұят».

Бұл — Қытай Компартиясының жаңа ұраны. Бұдан былай бұл жай ғана сөз емес, нақты жазамен бірге жүретін талап. Қытай билігінің пікірінше, мұндай қадамдар елдегі жемқорлыққа қарсы күрестің, экономикалық тәртіпті нығайтудың және халықпен арадағы сенімді арттырудың бір бөлігі.

Тегтер: