Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Исламабадта АҚШ пен Иран келіссөздері нәтижесіз өтіп жатыр

Ақш иран
Фото: x.com/GovtofPakistan

Исламабадта АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер негізгі мәселелер бойынша келіспеушіліктердің сақталуына байланысты жарияланған нәтижесіз жалғасып жатыр.

Al Jazeera, CNN және ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, келіссөздер алты сағаттан астам уақытқа созылды. Тараптар бірнеше талқылау кезеңін өткізіп, енді жазбаша ұсыныстармен алмасуға көшкен.

Ақ үй Пәкістанның қатысуымен өтіп жатқан жоғары деңгейдегі бетпе-бет келіссөздердің «жалғасу үстінде» екенін мәлімдесе, ирандық дереккөздер кемінде екі кезең өткенін және үшіншісі өтетінін отырғанын алға тартты. Иранның IRIB мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, келіссөздердің жаңа кезеңі түнде немесе келесі күні өтуі мүмкін.

Құжат алмасу және жұмыс барысы

Бетпе-бет келіссөздердің алғашқы кезеңі аяқталғаннан кейін делегациялар позицияларын нақтылау үшін құжаттар алмаса бастады. Иранның Fars агенттігі тараптардың талқыланып жатқан мәселелер бойынша жазбаша материалдар тапсырғанын хабарлады. Жұмыс түскі астан кейін қайта жалғасып, талқылаулар жұмыс жазбалары мен ұсыныстарды алмасу сатысына өтті.

Al Jazeera дереккөздері кездесудің «достық жағдайда» өтіп жатқанын, делегациялардың бірге кешкі ас ішіп, ұсыныстарды қарастыруды жалғастырып жатқанын атап өтті. Пәкістандық делдалдар нақты нәтижеге қол жеткізу үшін келіссөздерді кем дегенде тағы бір күнге ұзартуға тырысып, тараптарды қосымша жеңілдіктерге баруға көндіруде.

Ақш иран
Фото: x.com/GovtofPakistan

Келіспеушіліктер: Ормуз бұғазы – басты кедергі

Кейбір ілгерілеушілік нышандарына қарамастан, келісімнің мазмұны әлі де бұлыңғыр. Негізгі кедергі — Ормуз бұғазы мәселесі.

  • Иран тарапы: Tasnim агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың бұл мәселедегі талаптары «шамадан тыс» және келіссөзге кедергі келтіріп отыр. Тегеран өзінің әскери жетістіктерін сақтап қалуды талап етеді.

  • АҚШ тарапы: CNN мәліметінше, Вашингтонның бұғазға қатысты ұстанымы ирандық тарап үшін «қолайсыз» деп бағалануда.

    Ормуз
    Фото: Getty images

     

Талқыланып жатқан басқа да мәселелер

Келіссөздер барысында мынадай тақырыптар да қозғалуда:

  • Оқ атуды тоқтату режимі;

  • Израильдің Ливанға жасаған соққылары;

  • Иранның бұғатталған активтерін қайтару.

Ирандық делегацияға жақын дереккөздер Тегеранның келіссөзге келуіне АҚШ-тың активтерді бұғаттан шығару туралы шешімі себеп болғанын айтады. Алайда Вашингтон бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ, тіпті CBS News-ке берген сұхбатында америкалық шенеунік бұл мәліметті жоққа шығарды.

Сапар мерзімі 

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің Пәкістандағы сапары бастапқыда 24 сағаттан аз болады деп жоспарланған еді. Бірақ оның елде болғанына 12 сағаттан асты, егер келіссөздер созылса, сапардың ұзартылу-ұзартылмауы әлі белгісіз.

Қазіргі уақытта келіссөздер өтіп жатқан Serena Hotel маңындағы Jinnah Convention Centre аумағында жүздеген журналист ешқандай үзіліссіз ресми мәлімдеме күтіп отыр. Еске сала кетейік, АҚШ пен Иран арасындағы бұл маңызды кездесу сенбі күні басталған болатын.