Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:17

Испанияда су тасқыны салдарынан үш күндік аза тұту жарияланды

1

Испанияда су тасқыны салдарынан үш күндік аза тұту жарияланды.

Кейінгі мәліметтер бойынша, елде 95 адам қайтыс болды.

30 қазанда жауын-шашынның жылдық мөлшері түскен Валенсияда 92 адам қайтыс болған. Қанша адам жоғалып кеткені белгісіз.

Испания патшасы жақынынан айырылғандарға көңіл айтты.

"Қайғылы оқиғаға байланысты жақынын жоғалтқан барлық отбасыларға көңіл айтамыз. Көптеген мүлік қирады. Кейбір аймақтарға әлі жете алмай жатырмыз. Сондықтан алапат тасқынның зардабын әлі толық білмейміз. Премьер-министр және барлық аймақ басшыларымен байланыстамын. Барлық шараларды жасап жатырмыз.", деді Испания патшасы Филипп VI.

Испанияның солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысындағы Валенсия, Таррагона, Андалусия және Экстремадура провинцияларында жаңбыр 31 қазанда да жауады.

Тегтер: