Испанияда тағы да пойыз апаты: бірнеше адам жарақат алды
22 қаңтар, бейсенбі күні Испанияда тағы бір теміржол оқиғасы тіркелді. Елдің оңтүстік-шығысындағы порт қаласы Картахена маңында жолаушылар поезы кранмен соғысып, бірнеше адам жеңіл жарақат алды.
Бұл туралы Испания теміржол компаниясы Renfe хабарлады.
Оқиға Картахена мен Лос-Нетос аралығындағы шамамен жарты сағаттық бағытта болған. Сол себепті пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды. Компания өкілі кран теміржол операторына тиесілі емес екенін атап өтті.
Құтқару қызметтері оқиғаның Алумбрес елді мекенінде болғанын хабарлады. Дегенмен, Renfe пойыздың релстан шықпағанын, яғни қалалық бағыттағы қозғалысқа үлкен кедергі тудырмағанын жеткізді.
Бұл оқиға Испаниядағы кейінгі теміржол апаттарымен байланыстырылады. Өткен жексенбіде Андалусия аймағында, Адамус маңында, жолаушылар пойызы рельстен шығып, қарсы келе жатқан пойызбен соғысқан. Сол апат салдарынан 43 адам қаза тауып, ондаған жолаушы ауруханаға жатқызылған. Тергеу әлі де жалғасып жатыр.
Ал арадан бірнеше күн өтіп Барселона маңында қала маңындағы пойыз жолға құлаған қабырғаның қалдықтарына шығып кетіп, машинист қаза тауып, 37 жолаушы жарақат алған еді.
Осы екі апаттан кейін Испания машинистерінің кәсіподағы үш күндік ереуіл жариялады. Ереуіл 9 ақпанда басталып, теміржол бригадалары елдегі теміржол желілерінде қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етіп жатыр.