Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:50

Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының тікелей келіссөздері басталды

Путин
Фото: ашық дереккөз

Кездесу Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданның кіріспе сөзімен ашылды.

Ресей тарапынан делегацияны президент көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Ал оның құрамында Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков және қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин бар.

Украина делегациясын елдің қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарады. Онымен бірге 11 өкіл келіссөзге қатысуда. Олардың қатарында Украина сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислица, Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Александр Поклад, Сыртқы барлау қызметі төрағасының бірінші орынбасары Олег Луговский және Украина Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Алексей Шевченко бар.

Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің Долмабахчедегі кеңсесінде өтіп жатыр.

Кейінірек оларға Түркия ұлттық барлау қызметінің басшысы Ибрагим Калын да қосылады.Түркия бұл процесте бейбіт келісімге қол жеткізу үшін барынша жағдай жасауға ниетті екенін бірнеше рет мәлімдеген. Алайда әзірге тараптар нақты келісімге келгені жөнінде ресми ақпарат жоқ.

Еске салайық, 11 мамыр күні Путин Ыстанбұлда Украинамен тікелей келіссөз жүргізуді ұсынды. Бұл туралы ол Кремльде Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралардан кейін өткен түнгі баспасөз мәслихатында хабарлаған еді.

Тегтер: