IT-лицейлері жаңа бағытта жұмыс істейді
Шымкентте цифрландыру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Қалада жаңа оқу жылынан бастап «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» есігін айқара ашты.
5 «IT мектеп-лицейі» қайта құру арқылы жаңа бағытта жұмыс істейді. Осыған байланысты 12 STEM лабораторияларын ашу да жоспарлануда.
Одан бөлек, биылғы жаңа оқу жылында «Оқушылар сарайы» базасында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген «IT-орталығы» қосымша білім береді.
Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа оқу жылына арнаған құттықтауында атап өтті.
-Биыл елімізде Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы аталып өтілуде. Ұлы тұлғалардың ұрпақ тәрбиесінде берер тағылымы мол. Оқушылар, ұстаздар және ата-аналарға табысты жыл тілеймін! Алған білімдеріңіз жемісті болсын! – деді қала әкімі.