16:55, 13 Қаңтар 2022
Із-түзсіз кеткендерді іздейтін сайт ашылды
Бұл өте маңызды бастама - https://izsizqantar.com/ қаңтар айындағы ереуіл кезінде жоғалған, жарақаттанған, өмірден өткен адамдар туралы ақпаратты жинауда.
Жиналатын ақпарат қаңтар айының басында орын алған шерулерге ғана қатысты.
Жағдай туралы ақпаратты мұқият жинақтау мен көрсету мақсатында, сайт жеке деректерді жинап отыр. «Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейміз. Біз жинайтын деректерге шеру құрбаны болған адамдардың аты-жөні, туған күні, облысы, статусы, жоғалу, жарақаттану не өлім күні, әрі ақпарат берушінің аты-жөні мен байланысы жиналады. Сонымен қатар, ақпарат берушінің қалауы бойынша шеру құрбаны болған адамның мамандығы, жоғалу туралы оқиғасы, әрі суреті жиналады» делінген жазбада.