Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:32

Израиль әскері Газада тағы да оқ атты

Газа Израиль әскері
Фото: Getty Images

Израиль әскері Газа шекарасында оқ атқан.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Газаның билік өкілдері атыс салдарынан алты палестиналықтың қаза тапқанын мәлімдеді.

Израиль әскери өкілдерінің айтуынша, күдіктілер әскердің ішінара шегіну аймағын белгілейтін шекара сызығын кесіп өткен. Бұл – атысты тоқтату жөніндегі келісім шарттарын бұзу болып саналады.