15:19, 12 Қазан 2023
Израиль әскери үкімет құрмақшы
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ұлттық бірлік үкіметін құратынын мәлімдеді
Ал бірлескен партиялар коалициясының жетекшілері Премьер-министрдің ұсынысын қолдады. Сонымен қатар, бұрынғы экс-қорғаныс министрі Бенни Ганцтың "Ұлттық бірлік" оппозициялық партиясының төтенше Үкіметке қосылуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Еске салайық, 7 қазанда таңертең палестиналық ХАМАС қозғалысының әскери күші Израильге қарсы «Әл-Ақса тасқыны» операциясының басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран ұшырылып, қарулы топтар Израиль елдімекендеріне басып кірді.
Ал бұған дейін Израиль аумағында содырлармен қақтығыс кезінде 1200-ден астам адам қаза тапқаны хабарланған болатын.