Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:00

Израиль автобустағы жарылыстарға қатысты тергеу жүргізіп жатыр

1
Фото: Ohad Zwigenberg/AP Photo/picture alliance

Тель-Авив маңындағы Бат-Ям қаласында үш бос автобус жарылып, тағы екі жарылғыш зат залалсыздандырылды. Зардап шеккендер жоқ. Полиция жаңа жарылғыш құрылғыларды тапты.

Бат-Ям билігі автобустар "жарылыс болғанға дейін тұраққа келгенін" айтты, деп хабарлайды The Times of Israel. Әрқайсысында 5 келі жарылғыш заты бар барлық бес бомбаның таймерлері ақпанның 21-і күні таңертең бір уақытта іске қосылуға бағдарламаланған, деп хабарлайды The Times of Israel Израиль қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап. Кейінірек полиция Бат-Ям және Холон қалаларында автобустардан тағы төрт жарылғыш зат тапқанын хабарлады.

Израиль билігі бұл оқиғаны «стратегиялық теракт» жасау әрекеті деп санайды. Тергеуге Израиль қорғаныс күштері (IDF) мен Шин Бет қауіпсіздік қызметі қатысуда.

Тегтер: